Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Жемқорлықты алдын-алу

Жемқорлықты алдын-алу

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ішкі саясат басқармасы» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Солтүстiк Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы

2017 ж. 17.01. № 23
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
iшкi саясат басқармасы басшысының
бұйрығымен бекiтiлдi

2017 жылға арналған «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң iшкi саясат басқармасы» КММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп тәртiбiн) сақтау бойынша iс-шаралар жоспары

Тақырыбы Өткізу күні Жауаптылар
1. Басқарма қызметшілерінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментіне меншік құқығында ие болған кірістер және мүлік туралы жылсайыңғы декларация тапсыруды ұйымдастыру және бақылау. 2017 жылдың 1 тоқсаны Персонал басқару қызметі (кадрлық қызмет)  
2. Халыққа қол жетімді жерде басқарманың фойесінде «Шағымдар мен ұсыныстарға арналған» жәшік жұмысын жалғастыру. Жүйелі Әкімшілік-қаржы бөлімі
3. Басқарманың іргелерінде орналастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау туралы» ақпараттық стендті жаңарту. 2017 жылдың сәуірі Әкімшілік-қаржы бөлімі
4. Басқармада «сенім телефоны» жұмысына қатан бақылау жүргізу оның жұмыстары туралы облыстық БАҚ-да жүйелі түрде хабарлама жариялаумен. Тоқсансайын Персонал басқару қызметі (кадрлық қызмет)  
5. 2017 жылға арналған жаппай құқықтық білім беру жұмысын ұйымдастыру бойынша оқыту-тақырыптық жоспарына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп тәртібі) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау туралы» Қазақстан Республикасы заңын түсіндіру бойынша оқытулар енгізу. 2017 жылдың 1 тоқсаны Персонал басқару қызметі (кадрлық қызмет)  
6. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер Әдебі» айдарларының жұмысын облыстық БАҚ-да ұйымдастыру. Жыл бойы Ақпараттық саясат бөлімі
7. Басқарма басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін облыстық БАҚ-да жариялау. Тоқсансайын Персонал басқару қызметі (кадрлық қызмет)  
8. Басқарма басшысының жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін тиісті жеке қабылдауын ұйымдастыру. Жүйелі Әкімшілік-қаржы бөлімі
9. Басқармада азаматтардың жүгінуін қарастыру мерзімдері мен қарастыру сапасына бақылау жүргізуді күшейту. Жүйелі Әкімшілік-қаржы бөлімі
10. Басқармада 2017 жылға арналған мемлекеттік қызметтің имиджін жағымды нығайту мен қалыптастыру бойынша іс-шаралар Жоспарын орындау бойынша жұмысты жандандыру. Жүйелі Персонал басқару қызметі (кадрлық қызмет)  
11. Басқарманың мемлекеттік қызметшілерін біліктілікті жоғарылату курстарында оқыту және қайта даярлауларын қамтамасыз ету. Жыл бойы (бөлек кесте) Персонал басқару қызметі (кадрлық қызмет)
12. Басқармада мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу рәсімінің ашық-анықтығын қамтамасыз ету. Жүйелі Персонал басқару қызметі (кадрлық қызмет)
13. Басқарманың «Б» әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне бағалау өткізуін ұйымдастыру. Тоқсансайын Басқарманың бөлімдері  
14. Басқарма қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша фильмдер мен бейнероликтер көруді ұйымдастыру. Жыл бойы Персонал басқару қызметі (кадрлық қызмет)  
15. Сыбайлас жемқорлықпен күресу шаралары және өткізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы басқарма қызметшілерінің хабардар болған деңгейін анықтау үшін экспресс-сауалнама жүргізу. 2017 жылдың қарашасы Талдау және мониторинг бөлімі
16. Облыста болған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы басқарма қызметшілерін жүйелі түрде ақпараттау. Жүйелі Ақпараттық саясат бөлімі

2016 жылдың қорытындысы бойынша «Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi саясат басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша iс-шаралар Жоспарын орындау және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексiн сақтау

Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi саясат басқармасы ұжымдағы қызметшiлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау жөнiндегi шараларды күшейту бойынша жұмыс жүргiзiлдi. «2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасу бойынша iс-шаралар Жоспарын орындау және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп кодексiн сақтау үшiн Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi саясат басқармасы» ММ-де мына жұмыстар атқарылды:

  • Басқарманың персонал басқару қызметi (кадрлық қызмет) басқарма қызметшiлерiнiң меншiк құқығында ие болған кiрiстер және мүлiк туралы жылсайыңғы декларация тапсыруын ұйымдастырды. Декларация тапсыру мерзiмiн бұзу және оны тапсырмау басқарма қызметшiлер арасында анықталған жоқ.
  • Басқарманың жалпыға қол жетiмдi жерiнде «Шағымдар мен ұсыныстарға арналған» жәшiк жүйелi түрде қызмет етуде.
  • Басқарманың iргелерiнде жалпыға қол жетiмдi жерде орналастырлған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы» ақпараттық стенд жаңартылды.
  • Облыстық бұқаралық ақпараттық құралдарда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты анықтау үшiн «сенiм телефонының» жұмысы туралы хабарлама басылады. Қоңырау шалулар есебi арнай журналда жүргiзiледi. 2016 жылда «сенiм телефонға» қоңырау шалнған жоқ.
  • Басқармада 2015-2016 жж. кадрлық тағайындау талдауы жүргiзiлдi, оның барысында бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған тұлғалар анықталған жоқ.
  • Жаппай құқықтық бiлiм беру аясында Қазақстан республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексiнiң нормаларын және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау туралы» Қазақстан Республикасы заңын түсiндiру бойынша оқытулар өткiзiлдi.
  • Баспа бұқаралық ақпараттық құралдарында мына тақырыптық айдарлар ұйымдастырылды: «Антикоррупционная политика», «Антикоррупционная стратегия», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия», «Коррупции — нет», «Коррупции — заслон», «Антикоррупционная культура», «Жемқорлыққа қарсы мәдениет», «Жемқорлық — iндет», «Профилактика коррупционных правонарушений», «Жемқорлықсыз қоғам», «Принцип «нулевой терпимости»», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарлама», «Профилактика коррупции», «Противодействие коррупции», «Государственная служба», «Мемлекеттiк қызмет», «Совет по этике» және басқалар.

2016 жылдың басынан берi айтулы тақырып бойынша электронды бұқаралық ақпараттық құралдар 192 телесюжет шықты.

  • Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдау мәселесi басқарма басшылығының ерекше бақылауында тұр. Қабылдау кестесi жалпыға көзжетiмдi жерде орналастырылды.
  • Басқармада мемлекеттiк қызметшiлердiң жағымды имиджiн қалыптастыру және арттыру бойынша iс-шаралар Жоспарынорындау жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде.
  • 2016 жылға арналған басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн жоғарылату бойынша жоспар-кестесiне сәйкес 15 қызметшi оқытылды оның 4 — қайта даярлау және 11 — бiлiктiлiктi арттыру курсында оқытылды оның аясында мемлекеттiк қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөнiнде дәрiстер өткiзiлдi.
  • Басқарманың бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазыдарына орналасу үшiн конкурстык iрiктеу өткiзу кезiнде меритократия қағидасын сақтау және ашық-анықтық пен әдiлдiк қамтамасыз етiледi. Барлығы 2016 жылда басқарманың 10 бос лауазымына орналасу үшiн 8 конкурс өткiзiлдi (1 — өз мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызметшiлерi арасында iшкi, 1 — Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттiк органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасында iшкi және 6 — жалпы). Басқарманың бос лауазымдарына орналасу үшiн сұхбаттасу өткiзу кезiнде Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау iстер бойынша Қазақстан Республикасы Агентiгiнiң Департаментi және бұқаралық ақпараттық құралдар санынан байқаушылар.
  • 2016 жылдың тамызында басқарма қызметшiлерi үшiн Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау iстер бойынша Қазақстан Республикасы Агентiгiнiң Департаментi сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша семинар өткiзiлдi.
  • 2016 жылдың 1 жарты жылдығында басқармада сыбайлас жемқорлық қауiпiне iшкi талдау өткiзiлдi. Жемқорлық қауiпi анықталған жоқ.
  • 2016 жыл бойы басқарманың персонал басқару қызметi (кадрлық қызмет) облыста және жалпы елде болған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы қызметшiлерге хабарлады.

01.11.2017 17:34

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


akorda.kz Премьер-министр Казахстана Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области Ассамблея народа Казахстана egov.kz IPO ДКБ2020 Алтын сапаӘділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика