Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Басқарма туралы ереже

Басқарма туралы ереже

Солтүстiк Қазақстан
облыс әкiмдiгiнiң 2016 жылғы
«13» қазандағы № 395 қаулысымен
бекiтiлген

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
iшкi саясат басқармасы»
коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң
ЕРЕЖЕСI

Петропавл қаласы

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң iшкi саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма) iшкi саясат, бұқаралық ақпарат құралдары, кiтап шығару, полиграфия, Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында шетел басылымдарының таралуын бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi және мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

Басқарманың филиалдары мен өкiлдiктерi жоқ.

6. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексi 150011, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы:

мемлекеттiк тiлде: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң iшкi саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

орыс тiлiнде: коммунальное государственное учреждение «Управление внутренней политики акимата Северо-Казахстанской области».

10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

11. Басқарманың қызметiн каржыландыру облыс бюджетiнен жүзеге асырылады.

12. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Басқарманың миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. Басқарманың миссиясы: мемлекет алдында тұрған стратегиялық мiндеттердi бiрыңғай түсiну негiзiнде Солтүстiк Қазақстан облысының тұрғындарын шоғырландыруға бағытталған iшкi саясаты саласындағы мемлекеттiк саясатты тиiмдi iске асыру, мемлекеттiлiктi және әлеуметтiк оптимизмдi қалыптастыруды нығайту, азаматтардың құқықтары мен еркiндiктерiн сақтауды қамтамасыз ету.

14. Басқарманың мiндеттерi:

1)өңiрде iшкi саяси тұрақтылықты, ел бiрлiгiн қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыру;

2)өңiрдегi жергiлiктi атқарушы органдардың әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi басымдықтарын iске асыру жөнiндегi қызметтерiн үйлестiру;

3)Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң, облыс әкiмiнiң Басқарманың құзырына қатысты мәселелер бойынша актiлер мен тапсырмаларын орындауын қамтамасыз ету;

4)Қазақстанның 2050 жылға дейiнгi даму стратегиясының, Президенттiң Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттiк және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негiзгi басымдықтарын өңiрде түсiндiру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

5)өңiрде iшкi саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру;

6)өңiрде iшкi саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзiмдi басымдықтарын тиiмдi iске асыру бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

7)өңiрдегi iшкi саяси үдерiстердi және олардың даму үрдiстерiн зерделеудi және оларға талдау жүргiзудi қамтамасыз ету;

8) азаматтық қоғамы институттарымен, өңiр жұртшылығының өкiлдерiмен өзара әрекет ету;

9) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес облыс аумағында мемлекеттiк рәмiздердi қолдану мен орналастыруды мониторнгтеу;

15. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгiленген тәртiпте Басқарма өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес келесi функцияларды жүзеге асырады:

1) iшкi саясаттың негiзгi бағыттары бойынша, оның iшiнде бiлiм, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтiк қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық келiсiм, мемлекеттiк рәмiздердi насихаттау, тiл, ақпараттық, мәдени, гендерлiк және отбасылық-демографиялық салалардағы мемлекеттiң саясатын iске асыру мәселелерi бойынша өңiрдегi жергiлiктi атқарушы органдардың қызметтерiн ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;

2) iшкi саяси тұрақтылықты, ел бiрлiгiн және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де iс-шаралар кешенiн iске асыру;

3) өңiрдегi iрi қоғамдық маңызы бар iс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;

4) әлеуметтiк-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы жергiлiктi атқарушы органдардың қызметтерi туралы ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

5) өңiрде Президенттiң Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсiндiру жөнiндегi республикалық және өңiрлiк маңыздағы ақпараттық топтардың (бұдан әрi мәтiн бойынша — АТ) қызметiн ұйымдастыру, АТ ақпараттық-әдiстемелiк қамтамасыз ету;

6) саяси партиялармен, үкiметтiк емес ұйымдармен, этномәдени бiрлестiктерiмен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсiби одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрi мәтiн бойынша — БАҚ), ғылыми және шығармашыл қауыммен, қоғамдық пiкiр көшбасшыларымен өзара әрекеттесудi жүзеге асыру;

7) басқарманың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша облыс әкiмiнiң жанында әрекет ететiн консультативтi-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарының қызметтерiн қамтамасыз ету;

8) өңiрдегi қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжау, оның iшiнде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң және ұйымдардың қызметтерiне мониторинг жасауды ұйымдастыру, әлеуметтiк және саяси зерттеулер жүргiзу;

9) өңiрдегi мемлекеттiк ақпараттық саясатты тиiмдi iске асыруды қамтамасыз ету, оның iшiнде БАҚ мемлекеттiк ақпараттық тапсырыстарды орындау жөнiндегi қызметтерiн әдiстемелiк қолдау және олардың қызметтерiн үйлестiру, БАҚ заңнаманы сақтау жөнiндегi қызметiне мониторинг жасау, телерадиохабарларын тарату саласында заңнаманың сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру, өңiрлiк және шетелдiк БАҚ есепке алу;

10) әлеуметтiк маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстарды тиiмдi iске асыруды қамтамасыз ету, оның iшiнде конкурстық рәсiмдер мен жобаларды iске асыру барысына мониторинг жүргiзу;

11) концептуалдық құжаттарды әзiрлеуге, Басқарманың құзырына кiретiн мәселелер бойынша облыс әкiмiнiң, әкiмдiгiнiң актiлерiнiң жобаларын дайындауға және оларға талдау жасауға қатысу;

12) жоғары тұрған мемлекеттiк органдармен, Парламентпен, мәслихатпен, облыс әкiмiнiң аппаратымен, Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығымен Басқарманың құзырына кiретiн мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасау;

13) Басқарманың құзырына кiретiн мәселелер бойынша ақпараттық базаны жасақтау, жинақтау, жинап қорыту және жiктеу;

14) мемлекеттiк рәмiздер жөнiндегi облыстық комиссия жұмысын ұйымдастыру;

15) Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында бұқаралық ақпарат құралдары саласында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

16) облыстың бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғандығы анықталған жағдайда «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жазу;

17) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

16. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) мемлекеттiк органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажеттi ақпараттарды белгiленген тәртiппен сұрауға, Басқарманың құзырына кiретiн мәселелердi пысықтауға мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерiн тартуға, тиiстi ұсыныстар әзiрлеу үшiн уақытша жұмыс топтарын құруға;

2) жергiлiктi атқарушы органдардың iшкi саясат саласындағы қызметтерiн жетiлдiру бойынша облыс әкiмiне ұсыныстар енгiзуге;

3) Басқарманың қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар беруге, олардың орындауын бақылауға сондай-ақ орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өткiзетiн iс-шараларына қатысуға;

4) өңiрлiк бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;

5) мирасқор ретiнде ведомствоға қарасты мекемелер құруға, оларға ие болу және олардың қызметтерiн үйлестiруге;

6) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттiк органдарға Басқарманың құзырына кiретiн мәселелер бойынша кеңестiк-әдiстемелiк, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсетуге;

7) Жеке қаржыландыру жоспарын бекiтуге;

8) жылдық қаржылық есептi бекiтуге.

3. Басқарма қызметiн ұйымдастыру

17. Басқармаға басшылықты басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Басқарманың басшысы жүзеге асырады.

18. Басқарма басшысы облыс әкiмiнiң өкiмiмен қызметке тағайындылады және қызметтен босатылады.

19. Басқарма басшысы белгiленген заңнамалық тәртiппен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Басқарма басшысының орынбасарлары болады;

20. Басшы Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық етедi және мыналарға дербес жауапкершiлiкке ие:

Басқармаға жүктелген мiндеттердi орындауға;

өз функцияларын жүзеге асыруға;

21. Осы мақсатта Басқарма басшысы:

1)өз орынбасарларының және Басқарманың құрылымдық бөлiмшелер жетекшiлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiлiктерiн белгiлейдi;

2)Басқарма қызметкерлерiн қызметтерiне тағайындайды және босатады;

3)белгiленген заңнамалық тәртiппен Басқарма қызметкерлерiн көтермелеудi жүзеге асырады;

4)белгiленген заңнамалық тәртiппен Басқарма қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;

5)өз құзырының шегiнде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, қызметтiк құжаттарға қол қояды;

6)Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;

7)Мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманы ұсынады;

8)Басқарманың құзырына кiретiн мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалуы барысын бақылайды;

9)Басқарманың құзырына кiретiн мәселелер бойынша есептiк материалдарды дайындау жөнiндегi жұмыстарды бақылайды;

10)ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдемелерi туралы заңнаманы сақтауды қамтамасыз етедi;

11)Басқарманың қызметкерлерiмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауларына тiкелей жауап бередi.

12)белгiленген тәртiппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерiн шешедi, бюджеттiк қаражаттардың тиiмдi және мақсатты орындалуын бақылайды;

13)заңдылықтың, Басқарманың қызметiндегi шарттық және қаржылық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етедi;

14)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлетiктi жүзеге асырады.

Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

22. Басқарманың жұмыс тәртiбi демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ге дейiн. Күнделiктi жұмыс күнiнде қызметшiлерге демалу және тамақтану үшiн сағат 13:00-ден 14:30-ге дейiн үзiлiс берiледi. Өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты Басқарма басшысы жұмыс тәртiбiн өзгертуi мүмкiн.

23. Басқарма және құрылтайшымен, мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органмен, басқарма әкiмшiлiгi және оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас заңнамаға сәйкес айқындалады.

4. Басқарма мүлкi

24. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

25. Басқарманың мүлкi оған құрылтайшы берген мүлiк есебiнен қалыптастырылады, және негiзгi қордан және айналым қаражаттарынан, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден сатып алынған мүлiктен құрылады.

26. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

28. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң iшкi саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қайта ұйымдастыру (бiрiгу, қосылу, бөлiну, жеке бөлiнiп шығу, қайта құрылу) және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

29. Таратылғаннан кейiнгi Басқармасының мүлкiн бөлу тәртiбi қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргiзiледi.

Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

«Солтүстiк Қазақстан облыс әкiмдiгiнiң iшкi саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң «Өңiрлiк коммуникациялар қызметi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

01.02.2017 12:42

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


akorda.kz Премьер-министр Казахстана Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области Ассамблея народа Казахстана egov.kz IPO ДКБ2020 Алтын сапаӘділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика