Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Тәуелсiздiкке 25 жыл: Тәуелсiздiктiң 25 жылдығы аясында Астана қаласында «Қуатты өңiр — қуатты Қазақстан» Солтүстiк Қазақстан облысының күндерi өттi

22.10.2016

2016 жылғы 18 мен 23 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын мерекелеу аясында «Қуатты өңiр — қуатты Қазақстан» ұранымен Солтүстiк Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндерi өттi.

Мәдени бағдарлама а.ж. 18 қазанда басталып, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының «Мағжан соты» (жерлесiмiз, өмiрi аңызға айналған қазақ халқының ұлттық игiлiгi, ерекше және дарынды тұлға туралы) көрермендерге ұсынылған спектаклi Горький атындағы мемлекеттiк академиялық орыс драма театрында сәттi өттi. Спектакльге жалпы 350 адам қатысты.

20 қазанда Астана қ. мемлекеттiк мұрағатында Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк мұрағаты «Сырға толы Солтүстiк: құнды құжаттар құпиясы» атты көрмесiн ұсынды. Сонымен қатар, осы жерде мұрағат фильм жинағынан қаланың тарихы және облыс орталығының атақты тұлғалары туралы «Петропавл қаласы» атты деректi фильм көрсетiлдi.

21 қазанда Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттiк академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Елiм-ай» шығармасына негiзделген С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының «Дауылпаз баба — Қожаберген» спектаклi өткiзiлдi.

19-21 қазан аралығында «Жастар» театрында Облыстық қуыршақ театрының балаларға арналған «Ән сал, менiң домбырам!» атты спектаклi ұсынылды.

21 қазанда Астана қ. әкiмдiгi балалар үйiнiң оқушыларына «Менiң досым — бағдаршам» қайырымдылық спектаклi өткiзiлдi.

21 қазанда Ұлттық кiтапхана көрме залында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кiтапхананың «Солтүстiк Есiл өңiрi — өрiсi биiк өлке» тақырыбындағы кiтап көрмесiнiң тұсаукесерi болып өттi. Барлығы 200 ден астам адам қатысты.

22 қазанда Бейбiтшiлiк пен келiсiм сарайында 2000-нан астам адам жинаған «Мағжанның елiнен — Елорда төрiне!» атты облыстың үздiк шығармашылық ұжымдарының гала-концерт өттi.

Бұл күнi Бейбiтшiлiк пен келiсiм сарайының фойесiнде елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына Солтүстiк Қазақстан мұражай бiрлестiгiнiң Тұңғыш Президент — ұлт Көшбасшысының рөлi, Тәуелсiздiк жылдарындағы облыс жетiстiктерi туралы «Туған жердiң тартуы» атты көрмесi ұсынылды, көрме облыста тұратын этностардың күнделiктi өмiр экспонаттары мен заттарынан тұратын 7 баннер мен витриналарда орналастырылған болатын. «Өлкенiң iнжуi» атты көрмеде Солтүстiк Қазақстан суретшiлерiнiң жұмыстары орналастырылып, қолданбалы өнер шеберлерiнiң, ағаш ою, қайың қабығы мен киiзден жасалған заттар өндiру мастер-класстары ұйымдастырылды.

22-23 қазанда «Хан Шатыр» сауда орталығының алаңында «Өңiр берекесi» атты Солтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесi ұйымдастырылды.

Екi күн бойы саудаға облыстың 100-ден астам ауыл шаруашылық құрылымдары мен қайта өңдеу кәсiпорындары тартылған. Барлығы 741 тонна өнiм (еттiң әр түрi, сүт және ет өнiмдерi, көкөнiстер және т.б.) әкелiндi. Өнiмдер ассортиментiн 100-ден астам азық-түлiк түрлерi құрады. Жәрмеңке қонақтарына палаумен дәм таттыру және киiз үйлерде дастархан ұйымдастырылды. Сондай-ақ, астаналықтарға мерекелiк көңiл-күйдi Солтүстiк-Қазақстан облысының шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттiк бағдарлама сыйлады.


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


akorda.kz Премьер-министр Казахстана Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области Ассамблея народа Казахстана egov.kz IPO ДКБ2020 Алтын сапаӘділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика