Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Тәуелсiздiкке 25 жыл: Петропавл қаласында «Мейiрiмдiлiк пен түсiнiстiкке жол ашық» атты мүмкiндiгi шектеулi адамдар шығармашылығының облыстық фестивалi өттi

30.09.2016

Мүмкiндiгi шектеулi адамдардың өмiрi мен мәдениетiне қоғамның назарын аудару, оң көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық мүмкiндiктерiн дамыту мақсатында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халықшығармашылығы және мәдени-демалыс қызметiнiң орталығымен бiрлесiп 2016 жылғы 30 қыркүйекте жастар сарайында жылдың басты мерейтойлық датасы — Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған «Мейiрiмдiлiк пен түсiнiстiкке жолашық» атты мүмкiндiгi шектеулi адамдар шығармашылығының облыстық фестивалiн өткiздi.

Қатысушылар вокал, хореография, аспапты шығармашылық, көркемсөз, декоративтi-қолданбалы шығармашылық, еркiн тақырып бойынша қатысты.

Фестивальға өңiрiмiздiң 13 аудандары және 8 әлеуметтiк мекеме қатысты: қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi Смирнов интернат-үйi, «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы, «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң «Қызылжар» корпоративтiк қоры, «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң оқу-өндiрiстiк кәсiпорны, Петропавл балалар психоневрологиялық интернат-үйi, Петропавл психоневрологиялық науқастарға арналған интернат-үйi, «АДОН-Север» қоғамдық бiрлестiгi, тiрек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек балаларға арналған интернат-үйi.

Барлық қатысушылар диплом және естелiк сыйлықтармен марапатталды. Жалпы көрермендер саны 400 адам болды.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


akorda.kz Премьер-министр Казахстана Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области Ассамблея народа Казахстана egov.kz IPO ДКБ2020 Алтын сапаӘділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика