Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Тәуелсiздiкке 25 жыл: Аңдатпа. Петропавл қаласында ерекше бiлiм беру қажеттiлiктерi бар балалар шығармашылығының «Надежда» облыстық фестивалi өтедi

12.11.2016

Шығармашылықтың әр түрлi түрлерi арқылы бiлiм беру қажеттiлiктерi бар балаларды оңалту және бейiмдеу, замандастарымен қарым-қатынаста болу, қоғамдық және мәдени өмiрге бiлiм беру қажеттiлiктерi бар балаларды кеңiнен қатысуға көмек көрсету үшiн жағдайлар жасау мақсатында 2016 жылғы 12 қараша Балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығының облыстық орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын мерекелеу аясында «Надежда» балалар шығармашылығының облыстық фестивалi өткiзiледi.

Фестивальға бiлiм беру қажеттiлiктерi бар облыс мектептерi мен интернат мекемелерiнiң оқушылары қатысады. Фестиваль бағдарламасына келесi жанрлар ұсынылады: көркем оқу, вокал, хореография, аспаптық орындау. 150 астам қатысушының қатысатыны күтiлуде.

Фестивальдi өткiзу барысында «Мы можем все!» сәндiк-қолданбалы шығармашылық көрмесi өткiзiледi. Фестивальға қатысушылар дипломдар және естелiк сыйлықтармен марапатталады.

Фестивальдiң ресми ашылуы 2016 жылғы 12 қараша Балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығының облыстық орталығы ғимаратында өтедi (Қазақстан Конституциясы көшесi, 60):

  • сағат 09.00-11.00 — фестивальға қатысушыларды тiркеу;
  • сағат 11.00-де — фестивальдiң ашылуы.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:

8 (7152) 46-64-16 — «Балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығының облыстық орталығы» КМҚК

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика