Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Тәуелсіздікке 25 жыл: Аңдатпа. Солтүстік Қазақстан облысында VII Азаматтық Форум өтеді

17.11.2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы аясында 2016 жылдың 17 қарашасында С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында ҮЕҰ көшбасшылары, белсендi азаматтар, мәслихат депутаттары, жергiлiктi атқарушы органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң қатысуымен коммерциялық емес сектор мен мемлекеттiк органдардың күш-жiгерiн шоғырландыру мен ашық диалогқа бағытталған Солтүстiк Қазақстан облысының VII Азаматтық Форумы өтедi.

Форумға қатысушылар аймақтың алдында тұрған әлеуметтiк-экономикалық мәселелердiң шешу жолдарын талқылайды, ұсыныстар жасайды, сонымен қатар Қазақстанның VII Азаматтық форумына қатысушы делегаттарды сайлайды.

Форум қарсаңында жергiлiктi өiн-өзi басқаруды дамыту, қоғамдық кеңестердiң рөлiн арттыру, гранттардың берiлу үдерiсiн жетiлдiру мен мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс тақырыптарын қалыптастыру, сондай-ақ жүргiзiлiп жатқан жастар саясаты тиiмдiлiгi мәселелерi бойынша талқылау мен ұсыныстар жасау үшiн Диалог алаңдары ұйымдастырылатын болады.

Өңiрлiк ҮЕҰ жүзеге асырылған ең қызықты жобалар туралы ақпарат ұсынып, оның негiзiнде жеңiмпаздарды анықтайтын болады. Сондай-ақ, үкiметтiк емес ұйымдар әлеуметтiк мәселелердi шешуде инновациялық әдiс-тәсiлдердi анықтауға бағытталған әлеуметтiк идеялар мен жобалар жәрмеңкесiне қатысады.

Iс-шара 2016 жылғы 17 қарашада Петропавл қ. С.Мұқанов атындағы Облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ғимаратында өтедi:

  • сағат 11.00

Қосымша ақпарат алу үшiн төмендегi қоңырау шалыңыз:

8 (7152) 37-68-30, 37-70-10, «СҚО Азаматтық Альянсы» ЗТБ

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


akorda.kz Премьер-министр Казахстана Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области Ассамблея народа Казахстана egov.kz IPO ДКБ2020 Алтын сапаӘділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика