Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Тарихи өлкетану музейiнде кезектi көрме ашылды

27.09.2017

Алғашқы ЭКСПО көрмесi осыдан 166 жыл бұрын Франция елiнде өткен. Содан берi бұл шара дәстүрлi түрде халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын болыпты.

— Радио, телефон, тiгiн машинкасы. Бiреу бiлсе, бiреу бiлмес. Дәл осы заттар кезiнде экспо көрмесiнде қалың жұртшылық назарына ұсынылып, жоғары бағаға ие болыпты. Ал, бүгiнде ғасырлық тарихы бар технология жетiстiктерi адам өмiрiнiң ажырамас бөлшегiне айналды.

Биыл көрме өткiзу мәртебесi бiздiң елiмiзге бұйырды. Астана қаласында ұйымдастырылған шарада 3 ай бойы әлем елдерi жасыл энергетика саласындағы технологиялық жетiстiктерiн ұсынды. Ендi, бүгiнде бұл Қазақстан үшiн маңызды тарихи оқиғаға айналып отыр.

Жансұлу Бекенова — облыстық тарихи өлкетану музейiнiң экскурсия жетекшiсi:

— Бүгiн музейде Экспо халықаралық көрмесiне арналған көрме ашып отырмыз. Шараның мақсаты — өскелең ұрпаққа тарихи жайтты таныту.

Ауқымды шараны ұйымдастыруға тiкелей қатысып, оның куәгерi атану мүмкiндiгiне терiскейлiк 100 ұл-қыз ие болды. Олардың арасында Аделина Хисматуллина бар. Нәзiкжанды түрлi ұлт өкiлдерiмен жүздесiп, дүние жүзiне белгiлi «экспо-әжеймен» де танысыпты.

Аделина Хисматуллина — М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студентi:

— Менiң бұл көрмеден алған әсерiм өте мол. Өзiм ағылшын және француз тiлдерiнiң мұғалiмi мамандығына оқимын. Түрлi мемлекеттiң азаматтарымен шет тiлде сөйлесiп, тәжiрибемдi шыңдадым. Ал, соңғы күндерi өзiм де турист ретiнде барлық павильондарды араладым. Онда ұсынылған технологияларды сөзбен айтып жеткiзу мүмкiн емес.

Халықаралық көрмеге өңiрiмiзден бiрқатар жобалар ұсынылды. Ал, тамыз айында бас қалада СҚО мәдениет күндерi өттi. Астана тұрғындары мен қонақтары өлке тарихымен танысып, терiскейлiктердiң өнерiн тамашалады. Жалпы, шараның әрбiр күнi қызыққа толы болған. Тарихи оқиғаны өз көзiмен көрiп үлгермегендер үшiн облыстық тарихи өлкетану музейiндегi көрме бiр ай бойы жұмыс iстейдi.

Ақпарат көзi: http://mtrk.kz/

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Яндекс.Метрика