Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Солтүстiкқазақстандықтар латын әлiпбиiне көшу жайын талқылауда

22.09.2017

Жиынға қатысушылар алдағы уақытта елiмiзде орын алатын өзгерiс — латын әлiпбиiне көшу жайын талқылауда. Бұндай бастама ел тәуелсiздiгiн алған уақыттан берi бiрнеше рет көтерiлдi. Алайда, Қазақстан осындай жаңашылдыққа ендi ғана дайын болып отыр. Әлем елдерiнiң басым бөлiгi қолданып жүрген латын графикасы жас ұрпақтың өзге тiлдердi меңгерiп, бiлiм алуын жеңiлдетпек.

Рашид Надиров — Республикалық «Барбанг» күрттер қауымдастығы» ҚБ СҚО бойынша төрағасы:

— Латын графикасының елiмiзге тигiзер пайдасы зор. Әсiресе, бұл — жас буынға қатысты.

Тiл мамандары, тарихшылар мен заңгерлердiң барлығы бiрауыздан бастаманы қолдап отыр. Алайда, бұл iстi жүзеге асыру үшiн атқарар жұмыс көп. Оның ең бастысы — әлiпбидi жасау барысында қателiк жiбермеу. Қазiрдiң өзiнде қазақ тiлiндегi дауысты дыбыстар саны жөнiндегi әркiмнiң пiкiрi әрқалай екен. Осыған байланысты филолог Гүлфайруз Симбаева өз ойын бiлдiрдi. Маманның сөзiнше, тiлiмiздегi басы артық әрiптерден арылған жөн. Мәселен, «и» мен «у» дыбыстары 20 ғасырдың 40-шы жылдары латын жазуынан кириллицаға көшкенде енгiзiлдi. Сол себептi, оған қатысты бiрқатар ережелердi де қабылдауға тура келдi.

Гүлфайруз Симбаева — М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Қазақ филологиясы» кафедрасының аға оқытушысы:

— Сөздi буындарға бөлгенде, буын тек дауыссыз дыбыстан басталуы керек. Ал, осы «у» мен «и» қазақ тiлiнiң бар қасиетiн бұрмалап, буынға ажыратқанда, оның басына келiп жатады.

Осы сынды қазақ тiлiне тән өзгешелiктердi сақтай отырып, латын әлiпбиiн құрастырған жөн. Еске сала кетейiк, елiмiз аталған графикаға толығымен 2025 жылға қарай көшедi.

Ақпарат көзi: http://mtrk.kz/


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


akorda.kz Премьер-министр Казахстана Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области Ассамблея народа Казахстана egov.kz IPO ДКБ2020 Алтын сапаӘділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика