Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi сараптау кеңесiнiң отырысы өттi

22.09.2017

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi сараптау кеңесiнiң отырысы өттiЖақында үкiметтiң тапсырмасымен аймақтарда сараптау кеңестерi құрылды. Институттың құрамында танымал қоғам қайраткерлерi, ғалымдар, журналистер, депутаттар, әкiмдiк өкiлдерi, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерi бар. Олар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын қадағаламақ. Жоспарларымен бөлiседi, мiндеттердi айқындап, iрi жобаларды қарастырады.

Ақмарал Ибраева — М. Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы:

— Елбасы мақаласында 6 бағытты ерекшелеп атап өттi. Соның iшiнде «Туған жер» бағытына баса көңiл аударып отырмыз. Өйткенi, әр аймақтың өз ерекшелiгi бар. Қазхiргi таңда Атамекен, тәрбие және бiлiм, рухани қазына, ақпарат толқыны бағыттары бойынша облыс көлемiнде ауқымды шаралар атқарылуда.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шетелдiң үздiк оқулықтары қазақ тiлiне аударылады, елге еңбегi сiңген жаңа есiмдер анықталады, келешек ұрпаққа өз өлкесiнiң киелi жерлерi туралы тың мәлiметтер берiлмек.

Ескендiр Елеусiзов — СҚО ардагерлер кеңесiнiң төрағасы, Сараптау кеңесiнiң мүшесi:

— Тарихтағы ақтаңдар көп. Соны тұрғындарға, әсiресе, жастарға жеткiзу мемлекетке кезмет ететiн азаматтардың мiндетi.

Бүгiнде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ жанынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару жөнiндегi жобалау кеңсесi құрылды. Оған облыс әкiмi аппаратының басшысы Мадияр Кожахмет жетекшiлiк етпек.

Ақпарат көзi: http://mtrk.kz/

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
Яндекс.Метрика