Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Тәуелсiздiкке 25 жыл: Аңдатпа. Петропавл қаласында «Жас қаламгер» облыстық фестивалi өтедi

22.11.2016

Жас солтүстiк қазақстандықтарды патриотизмге, туған өлкенi сүюге тәрбиелеу, өз елiне, қала, ауыл тарихына балалардың қызығушылығын дамыту және қолдау, зияткерлiк және шығармашылық тұлғаны қалыптастыру, журналистика саласындағы жас дарындарды қолдау мақсатында 2016 жылғы 22 қарашада Балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығының облыстық орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған «Жас қаламгер» облыстық фестивалi өтедi.

Фестиваль аясында шығармашылық жұмыстар, шығармалар, эссе, рефераттар, өлеңдер, мектеп газеттерi — электрондық және қабырға газеттер байқауы өткiзiледi.

Фестивальға мектеп баспасөз клубтары және мектеп газеттерi редакциясы қатысады. 100 астам қатысушының қатысатыны күтiлуде.

Фестиваль бағдарламасында: теледидар, баспа, газет редакциясының студияларына экскурсиялар, облыстың жетекшi журналистерiнiң мастер-класстары, «дөңгелек үстел».

Фестивальдiң жеңiмпаздарын құттықтау балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығының облыстық орталығы шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелiк бағдарлама кезiнде өтедi.

Фестивальдiң ресми ашылуы 2016 жылғы 22 қараша Балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығының облыстық орталығы ғимаратында өтедi (Қазақстан Конституциясы к-сi, 60):

  • сағат 09.00-11.00 — фестивальға қатысушыларды тiркеу;
  • сағат 11.00-де — фестивальдiң ашылуы.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:

8 (7152) 46-64-16 — «Балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығының облыстық орталығы» КМҚК

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика