Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Өңiрде «Рухани жаңғыру: Жастар энергиясы» атты 1 күндiк лагерь өттi

29.09.2017

Өңiрде «Рухани жаңғыру: Жастар энергиясы» атты 1 күндiк лагерь өттiҚызылжар ауданында орналасқан «Достық» және «Ақ қайың» лагерлерiне мына жастар таңертен келiптi. Олар мұнда уақыттарын тиiмдi өткiзiп жатыр.

Белсендi ұл-қыздар күннiң алғашқы жартысында арнайы тренингке қатысқан. Онда мамандар ұжым болып жұмыс iстеудiң ережелерiн түсiндiрiптi. Ендi, қазiр акт залында маңызды кездесу ұйымдастырылуда. Жиында жерлестерiмiзге Астана қаласынан келген қонақтар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы басым бағыттарды түсiндiрмек. Алдымен сөз кезегiн «Бюро-100» қозғалысының мүшесi Дәурен Қайсаров алды. Азамат өскелең ұрпақ заманауи технологияны меңгерумен қатар адами капиталды қалыптастыра бiлуi керек дейдi.

Дәурен Қайсаров — «Бюро-100» қозғалысының мүшесi, Астана қаласы:

— Адам өзiнiң капиталын дамыту керек. Туған жерiн, ата-бабасын, тарихын бiлген дұрыс.

Кездесуде «Бюро-100» қозғалысының мүшелерi жастарға Елбасы мақаласындағы «100 жаңа есiм» атты жобаны әңгiмеледi. Аталған бағдарлама арқылы халыққа танылмаған дарынды адамдар анықталатыны белгiлi. Әзiрге, елiмiздегi үздiк жандардың қатарына қосылу үшiн 2 мыңнан аса тұрғыннан өтiнiш түскен. Оның 300-ден астамы терiскейлiктерден жолданыпты. Бұл жоба ұл-қыздарға қызықты болды.

Саида Бекбуди — Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнiң студентi:

— «100 жаңа есiм» атты жобаның жастар үшiн пайдасы зор. Бағдарлама арқылы дарынды тұлғаларды бiлiп, үлгi аламыз.

«Рухани жаңғыру: Жастар энергиясы» атты лагерь 1 күнге созылды. Шара соңында ұл-қыздар естелiк суретке түстi, атқа мiндi, садақ атып уақытты қызықты өткiздi.

Ақпарат көз: http://mtrk.kz/

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


akorda.kz Премьер-министр Казахстана Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области Ассамблея народа Казахстана egov.kz IPO ДКБ2020 Алтын сапаӘділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика