Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

«Киелi Қазақстан» I-республикалық экспедияциясы өңiрiмiзге келдi

05.10.2017

«Киелi Қазақстан» I-республикалық экспедияциясы өңiрiмiзге келдi

«Киелi Қазақстан» I-республикалық экспедияциясының өкiлдерi алдымен жергiлiктi ғалымдар және өлкетанушылармен кездестi. Жиналғандардың алдында СҚО әкiмi аппаратының жетекшiсi Мадияр Қожахмет сөз алып, жалпыұлттық жобаның маңыздылығын атап өттi.

Мадияр Қожахмет — СҚО әкiмi аппаратының жетекшiсi:

— Елбасы «Болашақққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қоғамдық сананы жаңғырту үрдiсi арқылы ұлттық мәдени-генетикалық кодты сақтаудың маңыздылығын атап өттi. Ұлттық сананы жаңғырту ұзақ процесс әрi жауапты және салиқалы жұмысты талап етедi. Қазiргi таңда жұмыс тобы 19 киелi нысанды белгiледi. Төртеуi республикалық картаға ендi: Абылай хан резиденциясы, Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенi, Қожаберген жыраудың бейiтi және Ботай қонысы.

Картаға енетiн нысандар республикалық және жергiлiктi деңгейдегi болып екiге бөлiнедi. Киелi нысандардың нақты тiзiмiн осы экспедиция мүшелерi бекiтпек.

Батырхан Жұмабаев — «Қасиеттi Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы жетекшiсiнiң орынбасары:

— Киелi карта табиғи ландшафты, археологиялық, архитекуралық, дiни ғибадат ету орындары, тарихи тұлғалардың ескерткiштерi мен мазарлары деп 6 бағытқа бөлiндi. Республика бойынша барлығы 160-тан астам киелi жер белгiлендi.

«Ботай» қонысында жылқы малы алғаш қолға үйретiлген. Адамзат үшiн маңызы зор мекендi зерттеуге Виктор Зайбет саналы ғұмырын сарп еткен. Биыл ол 70 жасқа толды. Мерейтой иесiн туылған күнiмен өңiр басышысының атынан Мадияр Қожахмет құтттықтап, иығына шапан жапты.

Виктор Зайберт отандастарын ортақ iстiң төңiрегiне бiрiгуге шақырды. Алдағы уақытта Қазақстанның киелi жерлерi жайлы энциклопедия шығарылады. Аталмыш еңбек қазақ және орыс тiлiнде 2 мың дана тиражбен таралады. Сонымен бiрге Киелi жерлер жайлы виртуалды карта әзiрленедi. Онда нысандарға баратын жолдардың бағыт-бағдары көрсетiлмек.

Ұлы дала елiндегi киелi жерлердi отандастарымыз ғана емес, шетелдiктер де танып бiлуi тиiс. Осы мақсатпен Францияда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тұсаукесерi өтпекшi. Экспедиция мүшелерi жұмыс сапарымен өңiрiмiзде үш күнге тұрақтайды. Олар Петропавл, Айыртау, Есiл және Тайынша аудандарындағы тарихи, мәдени нысандарда болады.

Ақпарат көзi: http://mtrk.kz/

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


akorda.kz Премьер-министр Казахстана Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области Ассамблея народа Казахстана egov.kz IPO ДКБ2020 Алтын сапаӘділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика