Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Тәуелсiздiкке 25 жыл: Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Е. Сұлтанов XIII Өңiраралық ынтымақтастық форумына қатысты

04.10.2016

2016 жылғы 4 қазанда Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов Қазақстан мен Ресей арасындағы XIII Өңiраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Дәстүрлi iс-шара осы жолы еуразиялық кеңiстiктiң транспорттық-логистикалық әлеуетiн арттыруға арналды.

Форум аясында өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов пен Қорған облысының губернаторы Алексей Кокорин Қорған облысының Үкiметi мен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және өзге де салалар бойынша екiжақты ынтымақтастық келiсiмдерiне қол қойды.

Екiжақты ынтымақтастықты тереңдету мен әрi қарай дамыту жөнiндегi Солтүстiк Қазақстан мен Қорған облыстары арасындағы келiсiмге сәйкес тауар өндiрушiлердiң көрме-жәрмеңкелерiне қатысуына қолдау көрсету, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, азық-түлiк тауарларын жеткiзу, металл өңдеу мен машина жасау және өндiрiстiң өзге де саласында бiрлескен жұмыстар жүргiзiлмек.

Сондай-ақ, медицина, бiлiм және ғылым, спорт пен мәдениет саласындағы жұмыс әдiстерi мен тәжiрибелерiн бөлiсу мүмкiндiгi де қарастырылған.

СҚО әкiмi Ерiк Сұлтанов аталған келiсiмдер өңiрлер арасындағы iскерлiк және экономикалық қатынасты дамытуға бағытталғанын атап өттi.

Тәуелсiздiкке 25 жыл: Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Е. Сұлтанов XIII Өңiраралық ынтымақтастық форумына қатыстыТәуелсiздiкке 25 жыл: Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Е. Сұлтанов XIII Өңiраралық ынтымақтастық форумына қатысты

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика