Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Тәуелсiздiкке 25 жыл: Анонс. Солтүстiк Қазақстан облысында «ЭКСПО-2017 балалардың көзiмен» тақырыбы аясында «Мектеп қабырғасынан ғылымға» атты ғылым және техника облыстық ғылыми-техникалық форумы өтедi

30.11.2016

2016 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мерейтойына орайластырылған «ЭКСПО-2017 балалардың көзiмен» тақырыбы аясында «Мектеп қабырғасынан ғылымға» атты ғылым және техника облыстық ғылыми-техникалық форумы өтедi.

Форумның мақсаты мен мiндеттерi:

  • бiлiм алушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығының инновациялық дамуын ынталандыру, жобалық, зерттеу, констукторлық және өнертапқыштық қызметте құзыреттiлiк деңгейiн арттыру;
  • дәлелдi, шығармашылық әлеуеттi меңгерген дарынды балаларды анықтау және қолдау;
  • iздестiру, зерттеу, ғылыми-техникалық қызмет саласында форум қатысушыларының үздiк нәтижелерiн көрсету;
  • iргелi ғылымдарға деген қызығушылығын дамыту, әрi қарайғы кәсiби қызметте өзiн-өзi анықтау;
  • Туған жерiне деген патриотизм мен азаматтылыққа, мақтаныш сезiмiне тәрбиелеу.

Форумға техникалық шығармашылықпен шұғылданатын 7-11 сынып оқушылары, колледж студенттерi, техникалық шығармашылық бойынша облыстық және республикалық көрмелердiң жеңiмпаздары қатысады.

Форум 3 айналымда өтедi:

  • 1 айналым — «Жастар шығармашылығы» аудандық (қалалық) көрмелер
  • 2 айналым — облыстық ғылым және техника форумы. Жобалар қорғау
  • 3 айналым — Республикалық форумға ғылым және техника облыстық ғылыми-техникалық форум жеңiмпаздарының қатысуы.

Бiлiм беру мекемелерi жоғары техникалық деңгейде орындалған 3-тен аспайтын экспонатты ұсынады. Қорғау жұмыстарды сүйемелдеумен көрсетiледi. Жұмысты қорғау кезiнде техникалық шешiмнiң жаңашылдығы, өзектiлiгi мен тәжiрибелiк бағыты, оқушылардың көпшiлiк алдында таңдалған тақырыптың мақсатқа сәйкестiгiн негiздеуi, модельдiң қозғалғыштығы бағаланады.

Жас техниктер өз жұмыстарын келесi бағытта ұсынады:

  • Аэроғарыштық техника, авиация және космонавтика».
  • «Автоматика, телемеханика, радиотехника және зияткерлiк жүйелер»
  • «Спорттық-техникалық модельдеу»
  • «Жасыл» энергетика, энергия тиiмдiлiгi және энергия үнемдеу
  • Экология және табиғатты ұтымды пайдалану
  • «Робот техникасы»
  • «Болашаққа көзқарас» бейнелеу жобасы.

Форумның ресми ашылуы 2016 жылғы 30 қараша Балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығының облыстық орталығының ғимаратында өтедi (Қазақстан Конституциясы к-сi, 60):

  • сағат 09.00-11.00 дейiн — форумға қатысушыларды тiркеу;
  • сағат 11.00-де — форумның ашылуы;

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:

8 (7152) 46-64-16, «Балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығының облыстық орталығы» КМҚК

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


akorda.kz Премьер-министр Казахстана Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области Ассамблея народа Казахстана egov.kz IPO ДКБ2020 Алтын сапаӘділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика