Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Адам құқығын қорғау — уақыт талабы

02.10.2017

Ү.ж. 2 қазанда Петропавл қаласында Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесiнiң қатысуымен «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық механизмдерi» тақырыбында оқыту семинар-тренингiн өткiзiлдi. Ү.ж. 3 қазанда осы семинар Есiл ауданында, ал 4 қазанда Жамбыл ауданында өттi.

Петропавл қаласында өткен семинар-тренингке Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Жандарбек Дәурен Жандарбекұлы, құқық қорғау, сот, жергiлiктi атқарушы органдарының, бiлiм беру, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының, жастар ұйымдарының, БАҚ өкiлдерi қатысты.

Iс-шарада келесi спикерлер сөз сөйледi:

  • Дьердь Сабо — ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесiнiң басшысы, Елшi;
  • Әбiшев Тастемiр Дәуiтұлы — Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссияның хатшысы;
  • Қуанжанова Гүлмира Сағидолдақызы — ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар Кеңсесiнiң құқықтық мәселелер және адам құқықтары бойынша бағдарламаларының үйлестiрушiсi;
  • Жаркенова Светлана Бақытқызы — Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссияның сарапшысы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң азаматтық және экологиялық пәндер кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты;
  • Волкова Ольга Александровна — Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссияның мүшесi, «Медиалайф» қоғамдық қорының директоры.

Семинар тренинг барысында Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық жүйесi зерделендi, адам құқықтары жөнiндегi ұлттық мекемелердiң азаматтық қоғам институттарымен өзара iс-қимылы қаралды, медиативтiк рәсiмдерi пайдаланудың, еңбек заңнамасының жұмысы, ақпаратқа қолжетiмдiлiк бойынша өзектi сұрақтар көтерiлдi.

Спикерлер нақты мысалдармен тыңдаушыларға адамдардың азаматтық, еңбек, әлеуметтiк-экономикалық, мәдени құқықтарын қорғау ақпарат бердi.

Сондай-ақ, Мемлекет Басшысының бес институционалдық реформасы мен «100 нақты қадамдағы» оны iске асыру тетiктерi, Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғырутдың ережелерi егжей-тегжейлi талқыланды.

Кездесу сонында интерактивтiк диалог ұйымдастырылды, осы диалог барысында тыңдаушылар адам құқықтарын қорғау саласындағы өзектi сұрақтарына жауап алды.

Атап айтқанда, осы семинар-тренинг жергiлiктi халықтың адам құқықтары мен бостандықтары, адам құқықтарын сот және соттан тыс тетiктер арқылы қорғау туралы ақпарат алу деңгейiн, сондай-ақ қоғамның барлық таптарының құқықтық мәдениетiн арттыра түсуге септiгiн тигiздi.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


akorda.kz Премьер-министр Казахстана Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области Ассамблея народа Казахстана egov.kz IPO ДКБ2020 Алтын сапаӘділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика